Қол хирургиясы бойынша шеберлік сабағы
18.06.2026
Қол хирургиясы бойынша шеберлік сабағы 2026 жылдың 6 маусымында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында (Павлодар қаласы, Салтыков-Щедрин көшесі, 63) өткізілді. Шеберлік сабағына қол хирургі, травматолог-ортопед және микрохирург (Астана) шақырылған маман Дмитрий Станиславович Ким қатысты. Шеберлік сабағының негізгі мақсаты — денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыру, қол аурулары мен жарақаттарын емдеудің заманауи технологияларын енгізу, сондай-ақ Павлодар облысы халқына мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Лицензия 00986DS



