ҚР-да иммундауды ұйымдастыру және өткізу

01.04.2024

Бүгін, 2024 жылғы 1 сәуірде консультативтік–диагностикалық емхананың мәжіліс залында алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық ұйымдарының және стационарлардың өкілдері үшін (директорлардың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, эпидемиологтар, инфекционистер, терапевттер, ЖПД) «ҚР-да иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбына семинар өткізілді. ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК Стратегиялық жоспарлау, мониторинг және талдау департаментінің директоры М.Ж.Сұлтанова аталған семинарда «АМСК деңгейінде иммундауды ұйымдастыру, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу (МКБИ) және стационарда инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) бағдарламасын енгізу» тақырыбында сөз сөйледі.

Лицензия 00986DS


Accessibility