ҚР ДСМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселерін талқылады
Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың, бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтың, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша кеңес өтті.Кеңестің күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мәселелері, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде, «СҚ-Фармация» ЖШС-да, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау мәселелері талқыланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы құқық қолдану практикасына жүргізілген талдау нәтижелерін жеткізді.Бұдан әрі Мемлекет басшысының өткен жылғы 1 ақпандағы тапсырмасына сәйкес әзірленген Кедендік іс, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы мен сапасы бірлесіп талқыланды.Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрі-дәрмектерді таңбалау жөніндегі уәкілетті құрылымдармен бірлескен жұмыс «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелерінің дайындығы бойынша жалғасып жатқанын, ол толығымен іске қосылатынын атап өтті.«Біз Денсаулық сақтау министрлігінің шаралар қабылдап жатқанын, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін көріп отырмыз. Ұсынымдарды орындау бойынша айтылған мәселелерді біз қарап, тиісті баға беретін боламыз. Егер орындау кезінде қиындықтар, басқа мемлекеттік органдарға байланысты кедергілер болса, онда Агенттік жалпы қолдау көрсетеді, бірақ бұл үшін кері байланыс қажет»,-деп қорытындылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Малахов.Кеңестің қорытындысы бойынша Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде Министрліктің сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.