ҚР денсаулық сақтау министрлігі балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүйелі саясатты жүзеге асыруда

02.06.2022

Жыл сайын 1 маусымда біз әр отбасы үшін ең маңызды мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеміз.
Ата-аналар мен бүкіл қоғам үшін баланың денсаулығы маңызды құндылық. Мемлекеттік саясат ауқымында балалардың мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде тегін медициналық көмек алу мызғымас басымдық болып қала береді. Мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылы» біздің кішкентай азаматтарымыздың дамуы үшін салауатты орта құруға баса назар аударуды күшейтеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі босанғанға дейінгі кезең мен туған сәттен бастап балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі стратегияны мақсатты және дәйекті түрде іске асыруда.
Осы бағытта күнделікті жүргізіліп жатқан жұмысты көрсететін бірнеше сандарды атап өтсем.Біріншіден, жүкті әйелдерді босануға дейінгі сапалы бақылаумен қамту 80%-ға дейін ұлғайтылды.
Екіншіден, өмірдің бірінші жылындағы балаларды проактивті бақылаумен қамту 75%-ға дейін артты.Үшіншіден, ауыр асқынулар мен қолайсыз нәтижелердің 10%-ға дейін дамуына жол берілмеді.
Төртіншіден, медициналық оңалтудың қолжетімділігі 50%-ға дейін ұлғайды, оның ішінде алғаш рет ерте жастағы балалар үшін.
Осылайша, балалардың ауруларын ерте қамту және диагностикалау мақсатында елімізде жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды скринингтік зерттеу бағдарламасы енгізілді, ол жаңа туған кезеңнен бастап мектеп жасына жеткенге дейін әрбір баланы кешенді бақылаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
* неонаталдық скринингпен 99,6% қамтылды. Фенилкетонуриясы, туа біткен гипотиреозы бар балалар анықталды.
* аудиологиялық скринингпен 75,6% бала қамтылды. 1-2, 3-4 дәрежелі құлақ мүкістігімен балалар анықталды. 235 балаға кохлеарлық имплантация жасалды.
*психофизикалық скринингпен 85,2% бала қамтылды.
* офтальмологиялық скринингпен дене салмағы 500 гр бастап өте төмен туған 88,2% бала қамтылған. Операциялық емдеу 29,4% шала туған балаға жүргізілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі скринингтердің сапасын жақсартуға және қамтуды арттыруға бағытталған бірнеше бастаманы іске қосты:
-педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты әзірленді, онда ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, нейропсихикалық даму шәкілдері қайта қаралды; баланы дамыту кабинеттерін жарақтандыру нормалары толықтырылды, алғаш рет аутизмге скринингтік тест енгізілді, баланы дамыту кабинеттерінің саны 600-ден 1500-ге дейін ұлғайтылатын болады.
— алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерді селективті скринингтеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
— аудиологиялық скрининг қысқа патенттелген есту потенциалы әдісімен толықтырылған. Бұл есту жүйесінің зақымдануының нақты орнын анықтауға көмектеседі.
— офтальмологиялық және аудиологиялық скринингтерге арналған жабдықтарды, оның ішінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Аяла» қайырымдылық қоры және т.б. арқылы сатып алу мәселелері пысықталуда.
— дәрілік заттар тізбесіне және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 дәрілік зат енгізілді.
— неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының жобасы әзірленді, онда катамнез кабинеттерінде шала туған нәрестелерді бақылауды ұйымдастырумен медициналық көмектің барлық деңгейлерінде жаңа туған нәрестелерге көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаттары регламенттелетін болады.Елімізде алғаш рет «Ерте араласу» институтын енгізу жөніндегі іс-шаралар басталды. Жыл соңына дейін елімізде 17 ерте араласу орталығы ашылады, онда жыл сайын 0-ден 3 жасқа дейінгі 10 мыңға дейін бала ем ала алады. Балаларға онкогематологиялық көмекті дамыту жеке басым бағыт болып табылады, оның негізгі іс – шаралары Қазақстан Республикасындағы балаларға онкогематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасына енгізілгеН

Accessibility