ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекет басшысы жолдауының шеңберінде ел экономикасын нығайту бойынша бірқатар бастамаларды іске

12.09.2023

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси жаңғырудың қисынды жалғасы ретінде құрылымдық экономикалық қайта құрулардың қажеттілігі атап өтілді. Осыған байланысты денсаулық сақтау саласында бірқатар бастамалар қабылданып, одан әрі дамытылуда.
Осылайша, Министрлік қазақстандық өндірушілермен бірлесіп денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясат курсы шеңберінде іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.
Отандық фармацевтика өнеркәсібін одан әрі дамыту мақсатында ұзақ мерзімді шарттардың тетіктері қолданылады, жетекші шетелдік компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін цифрландыру жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп саланы ақпараттандыруды жетілдіру, заманауи бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу жүргізілуде.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды әзірлеу шеңберінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп республикадағы медициналық академиялық қызметті ынталандыру шаралары қаралатын болады.
Медициналық туризмді одан әрі дамыту мақсатында Министрлік шетелдік пациенттердің елге келуі үшін медициналық визаларды енгізуді, сондай-ақ медициналық туризм саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді қарастыруда.
Осы және басқа да бірқатар бастамалар Мемлекет басшысының ел экономикасын нығайту жөніндегі жоспарларын іске асыруға денсаулық сақтау саласының үлесі болады.

Accessibility