ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің жаңа редакциясына сәйкес медициналық көмек көрсетудегі өзгерістер туралы айтты
Мәжілісте жобаның тұсаукесерінде «Халықаралық тәжірибеге сәйкес, медициналық көмектің жоғары сапасына қол жеткізу тәсілдері қайта қаралды. Атап айтқанда, медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі (алғашқы, екінші, үшінші жүйе) белгіленіп, медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі енгізілуде, ТМККК, МӘМС және ЕМС шеңберінде медициналық көмек көлемін анықтау бойынша нормалар регламенттелген, диспансерлеудің ауруларды басқару бағдарламасына көшуі қамтамасыз етілді», — деді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді стандарттауда және трансплантация институтын жетілдіруде бірыңғай тәсіл қарастырылған. Бұдан басқа, медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау күшейтіледі.
«Көрсетілген түзетулерді қабылдау нәтижесінде медициналық көмек қолжетімді болады, соның ішінде ауылдық жерлерде БМСК сапасы, инфекциялық емес ауруларды басқару сапасы артады, медициналық қызметтер көлемінің шекарасы түсінікті болады», — деп атап өтті министр.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау министрлігінің болжамына сәйкес, медициналық көмек көрсету үдерістері бірыңғай стандартқа келтірілетін болады, органдар мен тіндерді трансплантациялау кезінде транспаренттілік қамтамасыз етіледі, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау күшейтіледі.