ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының күндері» Павлодар облысында. Гинекологиядағы мастер -класс.
2024 жылғы 1-2 сәуір аралығында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гинекологиялық бөлімшесінің базасында ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасының гинеколог-дәрігері А.М.Адрешев облыстың медициналық ұйымдарының гинекологтары үшін жамбас мүшелерінің пролапсын (түсу) емдеудің тиімді әдістемесі бойынша мастер-класстар өткізді. Мастер-класс барысында 5 пациентке сәтті операция жасалды. Осы операциялар МӘМС шеңберінде жүргізілді: жамбас қабатының гибридті реконструкциясы, сакроспинальды бекіту, апикальды пролапс кезінде торлы протезбен жатырдың промонтофиксациясы, әйелдерде зәр ұстамау кезінде «Берча» операциясы. Бұл операциялар жоғары субъективті тиімділікті, қайталанатын операцияның төмен пайызын көрсетеді және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.
Лицензия 00986 DS