ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы А.В.Цойдың Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына сапары
2024 жылдың 3 сәуірінде ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы А.В.Цой Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жұмыс сапарымен келді. Қонақтар делегациясы облыс әкімінің орынбасары А.А.Құрмановамен және денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қ.Буйрашевпен бірге аурухана бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Делегация басшысы Алексей Цой сапар барысында аурухана қызметкерлерінің жұмысына жоғары баға берді, Павлодар облысының тұрғындары үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға медицина қызметкерлерінің қосқан зор үлесін атап өтті. Одан әрі аурухананың конференц-залында делегация облыстың медициналық жұртшылығымен кездесті, Алексей Цой өз сөзінде тиімді диалогты іске асырудың және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың, азаматтарымыздың денсаулығы үшін ғылыми-практикалық байланыстардың мүмкіншілігін нығайту мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А.Құрманова мен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы А.В.Цой сөз сөйлегеннен кейін кездесуге қатысушыларға «МОА, Ұлттық госпиталь, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, ҚР ПІБ МО санаторийлерінің қызметі туралы» презентациялар және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесінде» бейнеролигі көрсетілді.
Лицензия 00986 DS