Құлағын тістеді: Павлодарлықтар ЛОР дәрігерлеріне қандай аурулармен жүгінеді?
Pavlodarnews.kz тілшісі құлақ, тамақ және мұрын ауруларының емін табатын дәрігермен сұхбаттасты.
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада орналасатын ЛОР бөлімшесі жаңа қабатқа көшті. Бұрын ол жерде тері-венерологиялық орталық болған. Күрделі жөндеуден кейін 20 төсек-орынға арналған жеті палатаға науқастарды жатқызуға жағдайлар жасалады. Бөлімшеде негізінен хирургиялық емдеу әдісі қолданылады.
– ЛОР органдарының аурулары бар науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеміз. Мұрынға, көмейге, жұтқыншаққа, құлаққа түрлі оталар жасалады. Мұрын қуысының кистасы, полиптері, созылмалы пансинуситтер, ЛОР мүшелерінің қатерсіз ісіктері, атап айтқанда жұтқыншақ, көмейдегі созылмалы танзилит, мастоидит сияқты аурулар отамен емделеді, – деді бөлімшенің меңгерушісі Петр Лямкин.
Оның сөзінше, көмейдің полиптері бар науқастар сирек кездеседі. Жылына 10-15 ота жүргізіледі. Қуыстың шырышты қабатында қатерсіз өспелердің пайда болуы – қабынудың көзі болып табылады. Кейіннен тыныс алу қиынға соғып, дауыстың қарлығуына әкелуі мүмкін.
– Егер қала мен аудандық емханалар ісіктері, полиптері бар науқастарды емдей алмаса, не болмаса дәрігерлер көз жүгіртіп аурудың асқынғанын байқап, көмек көрсете алмайтынын түсінсе, біздің бөлімшеге жібереді,– деді Петр Лямкин.
Бұдан бөлек отоларингологтар мұрын, құлаққа, көмейге кіріп кеткен бөгде заттарды алып тастайды.
– Бөгде заттардан көбіне тамақта балық, тауық сүйегі тұрып қалады, ал құлақта мақтаның қалдықтары, сіріңкелер жиі кездеседі,– деді дәрігер.
Кейбір жағдайда жәндіктер де қуыс бөліктерге кіріп кетуі мүмкін.
– Жуырда таңғы бестің кезінде ауруханаға 50 жастағы ер адам келді. Ол құлағында ызыңдаған дыбысқа шағымданған. Отоскопия кезінде күйе көбелекті анықтадық. Ілмекпен зиянкесті бірден шығардық. Басқа жағдайда белгілі бір тұрғылықты жері болмаған жігіт ауруханамызға түсті. Риноскопия жасағанда мұрнында құрттар табылды. Қолайсыз ортада өмір сүргендіктен, шыбын кіріп, жұмыртқасын салған. Біраз уақыттан кейін шыға бастағанда, құрттар тарап кеткен. Дәрігерлер санация, яғни толықтай тазалау жұмыстарын орындады,– деп есіне түсіреді Петр Лямкин.
ТМККК және МӘМС шеңберіндегі емханалардың жолдамасы бойынша науқастар емделу мен тексеруді тегін алады. Бөлімшеде төрт күннен бір аптаға дейін, шұғыл болса, науқастың жағдайына және диагноздың сипатына байланысты 5 күннен және одан да көп жата алады. Ал жайлы және жақсы жағдайда емделгісі келетін науқастар ақылы бөлімшеге жатуға құқығы бар. Ол жерде тексерулер мен отаға дайындықтың толық спектрінен жылдам өтуге болады.
– Бір ай бойы жатқан науқас болған. Оған жіті іріңді мастоидит диагнозы қойылды. Шырышты қабықтағы және вискоз сүйегінің қатты тініндегі қабынады. Емдеуді жалғастыру қиын болғандықтан, науқасқа ота жасадық. Құлақтың артқы жағында өскіндер жойылды,– деді Петр Лямкин.
Оның айтуынша, осыған ұқсас күрделі оталар 1,5-2 сағатқа дейін созылады.
– Бір рет құлағы тістелінген жігітті ауруханаға жеткізді. Танысы арақ ішіп, құлағын толығымен тістеп, жұлып алды. Зардап шеккеннің жараларына алғашқы хирургиялық өңдеуді жасадық. Барлық екпелер салдық. Құлағы жоғалып кеткендіктен, оны тігу мүмкін болмады. Басқа оқиғада Ақтоғайдан шынжырлы арамен байқаусыз жұмыс істеген ер адамды жеткізді. Үзіліп кеткен тізбек мұрнын қақ бөліп жіберді, ал көзі ағып кетті. Отаның көмегімен мұрнын жинап, қалпына келтірдік,– деді дәрігер.
ЛОР бөлімшесінде күніне 4-5 ота жасалады. Олардың күрделілігі науқастың қандай жағдайда келгеніне байланысты болады.
– Мысалы, тимпанопластика – ең ауыр оталардың бірі деп айта аламын. Бұл – құлақ қалқанының перфорациясын қалпына келтіруге немесе құлақтағы зақымдануларды емдеуге бағытталған хирургиялық ота. Бізде түрлі ота жасауға арналған құрал-жабдықтар бар. Эндоскопиялық аппараттың бейнесі бар түтікшемен көруге қиын қуыстарға жете аламыз. Ал микроскоппен кез-келген ағзаны үлкейтіп, қарауға болады,– деп түсіндірді дәрігер.
Дәрігер тұрғындардан күзгі, әсіресе қысқы мезілде вирустық инфекциялар тарап жатқан уақытта, аурудың асқынуын алдын алу мақсатында сақтанып, денсаулықты нығайту үшін профилактикалық шараларды ұстануға шақырады.
Күндізгі жұмыс аусымында үш дәрігер және шұғыл көмек көрсету кабинетінде тағы бір дәрігер жұмыс істейді. Түнде екі кезекші дәрігер еңбек етеді.
– Мамандарымыз жас. Бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Ал қиын аурулары бар науқастар келгенде, тәжірибелі, білікті дәрігерлерден кеңес сұраймыз. Олар да қол ұшын созуға әрдайым дайын болады,– деді Петр Лямкин.
Бұдан бөлек, павлодарлық ЛОР дәрігерлер қарбалас жұмыстың арасында оқыту мен семинарларға қатысады. Ал Астана, Алматы мамандары Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға келіп, тәжірибемен алмасуға қашан да дайын болады.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 00986 лицензиясы
Фото Редактор тілші Pavlodarnews.kz — Сәния Уваисова