Үздік тіл маманы

22.11.2016

2016 жылғы қараша айында «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсанында, Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш ету туралы «Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан үздік денсаулық сақтау ұйымы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік тіл маманы» аталымдары бойынша конкурс өткізді.

Сол конкурсқа ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» КМК тіл маманы Маржан Кундакпайқызы Нуркенова қатысып, облыстың медициналық ұйымдары арасында «Денсаулық сақтау саласындағы үздік тіл маманы» конкурсын жеңіп алды.

М.К.Нуркенованың құжаттары Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасында өтетін конкурсқа жіберілді.

Accessibility