Әділбек Мұқашев Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы болды

11.01.2018

Әділбек Мұқашев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды. 

Әділбек Мұқашев 2002 жылы Бейсенов атындағы Қарағанды мемлекеттік институтын заң мамандығы бойынша, 2007 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте бастады, тоғыз жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет етті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ сот жүйесінде тәжірибесі бар.

2008 жылдың желтоқсанынан бастап 2014 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті бастығының орынбасары — Тәртіптік кеңес төрағасы болып жұмыс істеді.

2016 жылы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болып тағайындалды.

2016 жылдың қазанынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры.

т. 20-85-01

Кабиева Гульмира Ақылбекқызы —Департамент басшысының орыньбасары.

т. 20-85-41

Джусупов Тыныштык Гарифоллаевич —Департамент басшысының орынбасары.

т. 20-85-31.

Accessibility