Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен қаражат
Қаңтар айының 1-і мен 31-і аралығында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық жарна аударылды.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қаңтар аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер және жеке кәсіпкерлердің жалпы аударымдары мен жарналары 38 млрд теңге соманы құрады.
Оның ішінде, 31,3 млрд теңге (82,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 6,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,6%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облыстары көш бастап келеді.
Павлодар облысының жарналары жалпы сомадан 4,7 % құрайды.
Сіз нақты ақпаратты Фонда – fms.kz, сайтында Facebook, instagram — @fms.kz әлеуметтік желілерінде ала аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы