Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен қаражат

11.04.2018
Биылғы наурыз айының 1-і мен 31-і аралығында түскен міндетті медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 7,7 млрд теңгені құрады. Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд теңге көлемінде қаржы аударылған. Оның ішінде, 46,8 млрд теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді. Павлодар облысының жарналары жалпы сомадан 4,5 % құрайды.
Толық ақпаратты fms.kz – Қор сайтынан таба аласыздар. Кеңесті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар филиалында Естай көшесі, 61-үй мекенжайы бойынша немесе 8 (718-2) 37-19-04 телефоны арқылы алуға болады.
статистика каз
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы
Accessibility