Өзіне –өзі қол жұмсау 15-29 жас аралығындағы жастар арасында болатын өлім жағдайларының екінші жетекші себебі болып табылады
Әр 40 секунд сайн 1 адам өз өміріне қол жұмсау арқылы көз жұмады.
1.Өзіне –өзі қол жұмсау жайлы – «Не үшін туылдым», «Егер сені тағы да көріп жатсам», және «Өлгенім артық» деген сөздермен өлім немесе өзіне –өзі қол жұмсау туралы кез –келген әңгімкені айтады.
2.Зақым келтіру құралдарың іздейді — Өзіне –өзі қол жұмсау талпынысы кезінде қолданатын қарулар, дәрілер, пышақ немесе басқа құралдарды іздеуі.
3.Өмірге ренішті – Өлімге немесе зорлыққа айрықша екпін қояды. Өлім туралы өлеңдер немесе әңгімелер жазады.
4.Барлығын бекер деп санайды – Шарасыз,әлсіз, үмітсіздік күй кешеді,ешқашан жақсы болмайды деп сенеді.
5.Алшақтанады –Достары мен отбасынан алыстайды. Әлеуметтік ақшаулануды күшейтеді. Тыныштықта жалғыз қалғысы келеді.
6.Кенеттен тыныштық сезінеді –Қатты ауыр күйзілістен кейін кенеттен тыныштықты сезіну адамның өзіне –өзі қол жұмсақшы екендігін білдіреді.
7.Өз –өзін құртады- Ішімдік пен есірткіні асыра пайдалану, көлікті ессіздікпен жүргізу, қауіпті қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсу. Егер өлім ниеті боса қажетсіз қауіптерді өзіне жүктейді.
8.Қоштасады – Отбасына және достарына өзгеше немесе күтпеген жерден келуі немесе хабарласуы. Адамдармен енді көріспейтіндей қоштасады.
9.Өзін жек көреді — Өз –өзінен ұялады,пайдасыз, айыптымын деп санайды . Өзін масыл ретінде көреді. (« Менсіз бәрі жақсы болар еді»).
Жақын адамдамыңыз осындай белгелерді көрсеткен жағдайда, оған көмектесіңіз: Тыңдаңыз.Шынайы болыңыз. Дербес белсенді болыңыз . Кінәламаңыз. Дауласпаңыз және адамды ақталуға мәжбүрлемеңіз.
Кәсіби көмекке жүгінуге көмектесіңіз. Психологтар әр мектепкте, жастар денсаулық орталығында және емханада бар.Тегін қолдау нөмірі 150.
Лицензия 00986 DS