«ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТА!»
13 наурызда «Ашық есік күні» аясында эпидемиолог С.Оспанова дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Өзіңді туберкулезден сақта» Ұлттық бағдарламасының аясында жүкті әйелдер мен олардың серіктестері арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді, проблемаларды шешу әдістерінің бірі мына ауруларға ықпал ететін тәуекел факторларымен күресу үшін пациенттерді оқыту жүйесін ұйымдастыру болып табылады: белсенді және салауатты өмір салтының дағдылары: темекі шегу, алкоголизм сияқты зиянды әдеттерге қарсы күрес. 2 жасқа дейін емізу, физикалық белсенділікті насихаттау, өйткені дене белсенділігі туберкулездің алдын алуда күшті фактор болып табылады. Ашық ауада жүру, рационалды және дұрыс тамақтану — халықтың денсаулығын сақтау және нығайту үшін негіз болып табылады. Туберкулезді болдырмау мақсатында олар оны берілудің жолдарын, сақтық шараларын толық түсіндірді.