Өз елімді, жұмысымды жақсы көремін!
Қайырлы күн, құрметті редакция. «Звезда Прииртышья» немесе біздің еркелете атайтын«звездочка» газетінің кезекті шығарылымын қарап отырып, біздің қала тұрғындарының өзінің туған өлкесі, мамандығы мен жетістіктері туралы шын жүректерінен жазған материалдарын кезіктірдім. Мен де өз кезегімде ойыммен бөліскім келді. Мен перинаталдық орталығында акушер болып 10 жылдай жұмыс істеймін. Адамның өмірге келуіне көмегінді тигізу- мен үшін зор бақыт. Осы бақытты сезімді білдіруге сөз жетпес. Баланың «Мен дүниеге келдім» деген бірінші айқайын естіген кезде, «Сәлем балақай! Сен бейбіт, бай және сұлу , дәстүрі өзгеше әлемге келдің. Сен бақыттысың, себебі, қамыңды өз халқың мен елін ойлап үлгерді» дей отыра барлық қиыншылықтар бір сәтте жоқ болып кеткендей көрінеді. Мүмкін мен асыра айтып отырған шығармын, бірақ осының түгелі тура жүрегімнен шыққан сөздер болар, сүйікті ісіммен айналысқаныма мен шынымен де бақыттымын, бұл менің отбасым үшін өте маңызды. Менің ұжымымда көбінесе әйелдер жұмыс істейді. Үнемі бір-бірімізге көмектесіп, қол ұшын беріп тұрамыз. Ең бастысы біздің бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызды пациенттер сезінсе болды, олардың қаупсіздігі біздер үшін маңызды. Біздің денсаулық сақтау қауіпсіз технологияларды, халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу мен диагностиканың жаңа хаттамаларын меңгере отырып әлдеқайда алға басты. Осының барлығы біздің негізгі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар біздің жаңа корпустағы жұмыс жағдайымызды атап кетпеуге болмайды, өйткені, қалай біз үшін баға жетпес сый болғанымен, дәл солай облыстың жүкті әйелдері үшін бағалы сыйлық. Өзінің болашақ ұрпағына жағдай жасаған мемлекетте өмір сүру қандай кееремет, ол бізге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жауапкершілікті жүктейді.Бүгінгі күні, біз үшін тек қана баланың тууы ғана емес, сонымен қатар оның дені сау болуын қалаймыз. Қолымыздан келгеннің барлығын жасай отыра ұжыммен бірге қуанамыз, өйткені біздің орталық түрлі патологиясы бар жүкті әйелдерді қабылдайды. Босанған әйел мен сәбиін шығару кезінде қуанбаған адам жоқ шығар. Міне, бақыт деп осыны айт! Мен жұмысымды, ұжымымыды өте жақсы көремін. Өзімнің әріптес-құрбыларым ана атанғанда қуаныштарымен бөлісемін, бізге жағдай жасап отырған мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз, үнемі бірге оқып- үйренеміз, жұмыстан зор рақат аламыз.
Бүгінгі таңда өз ата-анама, ұстаздарыма, әріптестеріме мектеп, колледж бітіріп, елге қызмет ету атағымды алуыма мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін. Осының барлығын бағалап, өмірге қуана білу керек. Еліңе разы болу керек. Барлығы үшін рахмет!
И. Д. Родина