Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының қазіргі аспектілері
25.09.2025
2025 жылдың 23 қыркүйегінде Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының мәжіліс залында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, облыстық медицина мамандарына арналған созылмалы обструктивті өкпе ауруларының (ӨСОА) алдын алу және ерте анықтау бойынша семинар өтті. Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының пульмонолог-дәрігері, Павлодар облысының бас пульмонологы Г.К.Баширова «Ағымдағы аспектілер (ӨСОА): эпидемиология, диагностика, емдеу және жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланыс» тақырыбында баяндама жасады.
Лицензия 00986DS