Өмір жолсерігі
38 жыл тәжірибесінде қанша адамға өмірге келуіне көмегін тигізген акушер –гинеколог дәрігері Михаил Муцольгов санамаған. Көшеде таныс емес адамдар амандасып, өздерінің сәбилерінің дүниеге келгені үшін алғыстарын білдіріп жатады. Кейде, жаңа туған нәрестелерді қабылдап жатқан кезде «Көп жыл бұрын Сіз дәл осылай маған дүниеге келуіме болысқан едіңіз» дегенді Михаил олегович жиі естиді. Павлодардың жас аналары өз пікірлерімен және кеңестерімен алмасатын интернет-форумдарында осы адам туралы «Бұл супер дәрігер!» деп жазып жатады. Осы адам мыңдаған адамға өмірге жол сілтеуші, осы әлемнің жолсерігі болды.
Ең алғашқы босандыруды Михаил Муцольгов Семейде 4 курс студенті болғанда қабылдаған. Осы босандыруы сәтті «бестікке» өтті. Ондай сәт ұмытылмайды: бұл бес нәресте болды! Кім кімнен кейін болғаны есімде қалмады, ең бастысы – оларды аман алып қалдық – дейді.
Михаил Олегович Муцольгов акушер – гинеколог дәрінерінің жоғары білікті санаты бар және үнемі өзінің кәсіби білімін жоғарылатып отырады. 1978 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітіріп, «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша интернатурадан оқып шықты. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істейді.
240 орынды Павлодар орталығы жүктілерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге арнайы стационарлы көмек көрсетеді. Бұл медициналық мекеме босануға көмек беретін ұйымдардың тәжірибесіне перинаталды күтім бойынша тиімді технологияларды енгізді. «№1 ПОПО» міндеттерінің бірі асқынған жүктілік ағымын білікті түрде жүргізу, жоғары қауіп тобын анықтау, аумақтың жүктілерін білікті түрде тексеру, оңтайлы тактикасын жүргізу және босандыру болып табылады.
Михаил Муцольгов жұмысы кезеңінде өзін жоғары білікті әрі сауатты маман ретінде көрсете білді. Оның мобильділігі, тәжірибесінде заманауи әдістерін қолдану мен меңгерту нақты дәрігердің үлгісі болып қалуға мүмкіндік береді. Оның жоғары кәсібилігі әріптестері үшін үлгі. Михаил Муцольгов – орталықтың жетекші хирургтарының бірі. Ол өзінің тәжірибесін мастер-класстарда ұсынады, жас мамандарды оперативті техникаға үйретеді.
-Көпшілігі акушер-гинеколог дәрігерінің мамандығы өте қиын екенін айтып жатады, себебі, жауапкершілік екі бірдей өмірге, яғни анасы мен баласына болады деп жатады. Сондықтан мен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезініп осы салаға келдім дейді Михаил Муцольгов өз таңдауына анықтама бере отырып. Біздің перинаталдық орталығы өзінің міндетін сапалы, қауіпсіз перинаталды көмек беруде көреді. Басымдықта әрқашан пациент. «Безопасное материнство» бағдарламасы бойынша әйелдер өзіне қалай ыңғайлы болса солай босанады. Ал Біз, Дәрігерлер, жинақталған білімімізді пайдаланып оларға босануға көмек береміз. Үнемі біліктілігімізді арттырамыз, оқимыз, алған білімді жүзеге асырамыз. Сонымен қатар шетел тәжірибесі туралы пайдалы ақпаратты табамыз дейді Михаил Муцольгов.
Адамның дүниеге келуі – бірден-бір табиғи процесс және босанушы мен медиктердің бірлескен бірегей еңбегі. Дәрігерлердің мақсаты – қауіпсіз босану және салауатты өмір бастауы. Сонымен бірге, ең бастысы, басқарылатын қауіптілік факторларын болжау және олардың берген мәліметін барынша азайту.
2015 жылы Генерал Дюсенов көшесі,4 бойынша Павлодар облыстық перинаталдық оратлығының жаңартылған кешенінде 5 қабатты жаңа корпус салынды, ескісі жөнделді. Кешен жаңа медициналық құралдарымен толықтырылды. Оның ішінде операциялық, ересектер және балалар жан сақтау бөлімдері үшін жылу режимі мүмкіндігі бар стерильді ауа беру құрылғылары бар. Сонымен қатар , пациенттердің денсаулығын қадағалайтын жүйемен жабдықталған.
-Орталықты кеңейткеннен кейін – жұмыс істеуге өте ыңғайлы болды. Біз асқынған жүктілігі бар бүкіл облыс бойынша патологиясы барлар бізге жіберіледі. Бізден тәуелдінің барлығын жасаймыз. Әйелдердің өз денсаулығына мұқият қарауды талап етеміз. Бірақ, барлығы бірдей жауапкершілікпен қарай бермейді –деп бүгінгі жағдайды Михаил Муцольгов атап өтті. – Мен жүктілікке ДЕЙІН міндетті түрде тексерілуді ұсынамын. Екеуі де, әйелі мен күйеуі бірдей тексерілу қажет. Өз денсаулық жағдайларын тексеріп, бала көтеретіндер өкінішке орай бірер ғана. Жүктілікке дейінгі тексерілу мен емделу әйелге дені сау бала көтеріп босануға көбірек мүмкіндік береді.
Жұмыс үзілісі кезінде дәрігер Муцольгов бірқатар сұрақтарға жауап беріп, егіздер мен үшемдердің бүгінгі күні тууы жиілегенін растады. Ал «ұлдар» мен «қыздар» ауысымында барлық әйелдерде ерекше біркелкі ұл немесе қыз болатынын мифке жатқызды. Түсіндірді: заңдылықтары жоқ, бірақ, кейде дәрігерлік тәжірибеге бай маманда, осы онжылдықта әртүрлі жағдайлар болды.
-Егер мен жұмыс істей бастаған мен бүгінгі «Безопасное материнство» бағдарламасын салыстыратын болсақ, айырмашылығы өте үлкен. Жүктілер мен босанудың жолдары мен тәсілдері басқаша. Қазір күту тактикасы бар, ол өте жақсы тактика- біз күтеміз, әйелдің өзі медикаментсіз және еш стимуляциясыз босану үшін.Біз қадағалаймыз, қажет жағдайда, көмекке келеміз.Өзін-өзі қалай ұстау керек екендігін айтамыз, әйелдер тек дәрігерді тыңдауы тиіс –дейді Михаил Муцольгов.
Серіктес босанулар саны артуда. Медиктердің пікірі бойынша, егер адам дайындалып қалай көмек көрсету керектігін білсе, ол өте жақсы қолдау.Жақсысы, серіктес ретінде босанған әйелдер келсе – аналар, енелер, әпкелері мен құрбылары немесе аса қажетті болашақ әкелер.
-Курстар, аналар мектебі, серіктес босануға дайындықтары, стендтер мен плакаттар бар. Алдын ала дайындалу қажет- деп есептейді дәрігер Муцольгов. – Кейде серіктестер босанушыларға емес, медиктерге қарап тұрады. Адам ауырсынулар арқылы дүниеге келеді, ол табиғатпен айқын. Дайындық болса, психологиялық қолдау мен өзін –өзі ұстауы босанушы әйелге беріледі.Босану кезінде серіктес дәрігерлердің немен айналысып жатқанына емес, жаңа өмірді жарыққа шығару үшін әйелге қалай болсатынын ойлау керек.
Күнделікті дәрігерлер қорқынышты, қауіпті және ауыруды сезінеді. Сонымен қатар – қуану сәттерін. Күйзеліспен күресу, сонымен бірге пациентті сабырлыққа және сенімді болуға көндіру – тәжірибе мен кәсібилік, «және кофе!» көмектеседі — деп күлімдеді Михаил Олегович. Ал жазғы балық аулау, өзіндік қиялға беріліп су жанында қармақпен медитация жасау, ол кезде нәтиже емес, ал оған демалуға көмектесетін үрдіс маңызды.
Ирина КОВАЛЁВА, автор фотосы, «Наша Жизнь» газеті