ӨРВИ мен тұмау — бұл вирустардан туындайтын, тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары
ӨРВИ мен тұмау — бұл вирустардан туындайтын, тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары. Олар ауа-тамшылары арқылы науқас адамнан жұғады.
Суық тиген кездегі негізгі белгілер: мұрынның бітелуі,тамақтың қышуы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызыуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы және т.б.
ӨРВИ мен тұмаумен ауыратын балаларда құсу, іш өтуі (тышқақтау),тыныс алуын қиындатуы мүмкін.
Суық тиген кезде көрсетілетін бастапқы көмек:
- ӨРВИ мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде медициналық көмекке жүгіну керек — үйге дәрігер шақыру керек.
- Үйде қалып,төсекте жату керек.
- Сусынды көп ішу керек: лимонмен, балмен, бүлдіргенмен шәй, С дәрумені бар фитошәй, жылы сүт, морс, компот.
ӨРВИ мен тұмаудың таралуына жол бермеу:
- Күн сайын бөлменің ішін ылғалдап сүртіп алу және жиі желдету керек (күніне 3 реттен кем емес).
- Жеке тазалықтәртібін сақтау, қолды жиі жуу.
- Әсіресе үйден сыртқа шығар алдында мұрынның айналасына оксолин жақпамайын жағу.
- ӨРВИ мен тұмаудың таралу кезеңінде адамдар көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс.
- Қатты тоңбау керек, ауа райына орай киіну керек
- Бір реттік медициналық бетперделерді пайдалану керек
- Дер кезінде тұмауға қарсы вакцина еккізу керек!
Жүкті әйелдер мен балалардың ӨРВИ мен тұмаумен сырқаттануына жол бермеу жұмыстарына баса назар аудару керек!
- ӨРВИ мен тұмаудың таралу кезеңінде күзгі-қысқы мерзімде үйден шығарда және үйдеӨРВИ мен тұмаумен ауырған отбасы мүшелері болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек.
- Адамдардың көп жиналатын орындардға бармаған дұрыс: халыққа қызмет көрсету орталығы, сапаржай, әуежай, қоғамдық көлік, супермаркеттер, балабақшалар мен мектептер.
- ӨРВИ мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде күндіз болса учаскелік педиатр мен терапевт дәрігерді және түнде жедел жәрдемді үйге дереу шақыру.
- Дәрігердің кеңесіне сәйкес дер кезінде тұмауға қарсы вакцина еккізу керек!
- Өздігіңізден емделмеңіз.
- Жүктілік кезінде иммунитеттің әлсірейтінін және ӨРВИ мен тұмаудың асқынуынан қиын дертке душар болу мүмкін екендігін есте сақтаныз: бронхит, пневмония, түсік тастау, асқынушылықпен мезгіліне жетпей босану.
- Дер кезінде дәрігерге тексеріліп,емделмесе ӨРВИ мен тұмау асқынуынан адам өліп кетуі мүмкін!
- ӨРВИ мен тұмау кезінде бастапқы көмек көрсету үшін үйде дәрілік қобдиша жабдықтау (термометр, бетперделер, аскорбин қышқылы, арбидол, ингаварин, анеферон, интерферон, оксолин жақпамайы, мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер (тамшы дәрілер, спрей).
Тек дәрігер ғана жеке тексеру барысында Сізге ем тағайындай алады!
Өздігіңізден емделмеңіз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.
Өзіңізді күтіңіз және сау болыңыз!