1 мамыр – Халықаралық балаларды қорғау күні!

03.06.2022

Бұл мереке жыл сайын әлемнің 50-ден астам елінде тойланады және 1950 жылдан бері ең көне халықаралық мерекелердің бірі болып табылады. Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздеріне арналған көңілді мереке ғана емес, сонымен бірге баланың құқықтарын қорғау, барлық балалар бақытты болып, оқып, сүйікті ісімен айналысып, болашақта өз елінің тамаша ата-анасы және азаматы болсын деген қажеттігін қоғамға еске салу.

Сәбидің дүниеге келуі — әр адамның өмірінде болатын ең жақсы нәрсе, осынау мерекелі күні Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталды орталығында 9 сәби дүниеге келді.

Жаңа туған нәресте құтты болсын, ата-ана! Бұл қуанышты оқиға сізге жаңа күш пен денсаулық берсін. Балаңызға өмірдегі бар жақсылықты, қызықты тағдыр, әдемі істер, мықты денсаулық және махаббат тілейміз!

Мереке аясында аурухананың кәсіподақ комитеті аурухана қызметкерлерінің екі мүгедек баласына (әр балаға) 50 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етті. Тұрақты демеуші «Baby_mail_pvl» балалар киім-кешек бөлімінің кәсіпкері Кайль Т.  12 жаңа туған нәрестеге балалар киімінің жиынтығын (жаялық, іш көйлек, ползунки, шұлық және чепчик) сыйға тартты.

 

Accessibility