1 Наурыз– алғыс айту күні!
01.03.2019
1 наурыз — Қазақстандағы ең жарқын және ең жақсы мейрамдардың бірі. Бұл 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін елде бейбіт өмірге қажет ететін достық, түсіністік пен келісімнің мерекесі.
Алғыс айту күні — ұлы патриотизм, достық және мәдени әртүрлілік күні. Қазақстанның әрбір өңірінде осы күні мерекелік бағдарлама дайындалды. Осы мереке аясында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында медицинада 30 жылдан астам жұмыс істеген еңбек ардагерлері мен аурухананың қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК директоры өз алғысын білдірді.