12 мамырда Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі
2024 жылғы 12 мамырда Медбикелер күнін мерекелеу аясында Павлодар жоғары медициналық колледжінің акт залында салтанатты іс-шара өтті, онда облыстың еңбек сіңірген медбикелерін алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін Павлодар облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмология бөлімшесінің аға медбикесі А.М. Макишева және «Сенім» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ «Құрмет грамотасымен» күндізгі хирургиялық стационардың аға медбикесі М.Ж.Халел марапатталды.Ортопедия — травматология бөлімшесінің аға медбикесі С.Т.Сеитова «Кәсіптілік пен сенімділік-2024» номинация
сында «Медицина үздігі-2024» облыстық кәсіптілік шебері конкурсының дипломымен және «Стационарлық қызметінің үздік медбикесі» номинациясында конкурс сертификатымен марапатталды.
Біз медбикелерді, санитарлық бикелерді — әр түрлі деңгейдегі медициналық мекемелерде күтімді қамтамасыз ететіндердің барлығын Халықаралық медбике күнімен құттықтаймыз!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасында амандық және жұмыста табыс тілейміз!
Лицензия 00986 DS