16-17 тамызда облыстың медициналық мекемелеріне кураторлар келді

20.08.2018
16-17 тамызда облыстық медициналық мекемелерге акушерлік қызмет көрсету қызметінің
жетекшілері,Алматы қаласының акушерлік гинекология перинаталдық ғылыми орталығының
директоры Д.Д.Мирзахметова, акушер-гинеколог дәрігері Ш.Т.Насырова, бас перинатолог Е.Сарин,
Астана қаласының ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының кураторы Б.Ж.Иманкулова, ана
өлімінің конфендициалды аудиті бойынша үйлестірушісі З.Б.Утешева келді.
Жұмыс сапары барысында облыстық перинаталды орталық, бірінші қалалық аурухананың
перзентханасы, Железин және Качир орталық аудандық ауруханалар, акушерлік және
неонатологияда шұғыл көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың дайындығы бойынша
мастер-класстар, ролдік ойындар өткізілді.
Олар медициналық жабдықтармен танысып, ұжыммен кездесулер өткізді.
Денсаулық сақтау басқармасы акушерлік және гинекологиялық көмек стандарттары мәселелері
бойынша аймақтағы медициналық ұйымдармен бейнеконференция режимінде презентация
өткізді.
Сапар барысында ұйымдық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.
[wolf-gallery-images id=»42″]
Accessibility