17 мамырда Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні
“Қан қысымыңызды дәл өлшеңіз, бақылаңыз, ұзақ өмір сүріңіз”.
17 мамырда Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні атап өтіледі.
Күннің ұраны: Артериялық гипертония “Үнсіз өлтіруші” депте атайды, себебі ол көбінесе симптомсыз көрінеді және маңызды мүшелерді зақымдауы мүмкін.
📎Күнделікті қан қысымын өлшеу-гипертензияны анықтаудың жалғыз жолы.
✅ДДҰ классификациясы бойынша қан қысымының көрсеткіштері:
— Гипотония: 100/60 төмен
— Оңтайлы: 100/60-119/79
— Қалыпты: 120/80 – 129/85
— Жоғары: 130/85 – 139/89
— Орташа гипертония: 140/90 — 159/99
— Орташа ауырлықтағы Гипертония: 160/100 — 179/109
— Ауыр гипертония: 180/110 артық
📍Артериялық гипертония туралы фактілерге шолу жасасақ:
— гипертония кезінде инфаркт пен инсульт қауіпі артады.
— қант диабеті, бүйрек аурулары бар адамдарда жиі кездеседі.
— семіздік, ішімдік және темекі шегетін адамдарда гипертонияның даму қаупі жоғары.
— Ауызша контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде гипертония жиі кездеседі.
— Қан қысымын бақылау әсіресе жасына байланысты маңызды.
🔴Артериялық гипертония мен оның асқыну қаупін азайтуға көмектесетін алдын алу шаралары:
✅Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану.
✅Тұзды тұтынуды күніне 5 граммға дейін шектеу. Күніне кемінде 500 грамм жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеу.
✅Қаныққан майлар мен көмірсулардың тұтынылуын азайту.
✅Алкоголь мен темекі шегуден бас тарту.
✅Күніне кемінде 30 минут тұрақты физикалық белсенділік.
✅ Қалыпты салмақты сақтау.
✅Стрессті басқару.
📍Есіңізде болсын: бақыланбайтын артериялық гипертензия, әсіресе ұзақ уақыт бойы инсульт, миокард инфарктісі және бүйрек жеткіліксіздігі қаупі жоғары.
Лицензия 00986 DS