2019 жылғы 8 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған делегация жұмыс сапарымен Павлодар облысына келіп — кетті

12.11.2019

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау Вице –министрі Қамалжан Надыров, мәдениет және спорт Вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Марат Әзілханов, Білім және ғылым Вице-министрі Шолпан Қаринова құрамындағы Үкіметтік топ делегациясын жұмыс сапарымен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басшысының міндетін атқарушы Ардақ Күзеков қоса жүрді.

Үкіметтік жұмыс тобы жедел медициналық көмек көрсету Станциясында болды, Станция жұмысымен медицина жұртшылығымен танысып, кездесті,  материалдық-техникалық базаны жақсарту, жалақыны арттыру, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда біздің 103 қызметіміз Қазақстандағы ең үздіктердің бірі болып табылады.

Павлодар 103 қызметінің басты жетістіктерінің бірі — қала және ауыл тұрғындарына медициналық жедел жәрдем көрсету. Барлық облыстың жедел медициналық көмек бригадаларын медициналық қамтамасыз ету «С» класына жоғары стандартқа сәйкес келеді.

ҚР Денсаулық сақтау Вице – министрі Камалжан Нәдіров Павлодар қаласында салынып жатқан жаңа онкологиялық орталықта болды, оны іске қосу «ҚР-да онкологиялық аурулармен күрестің 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» орындау бойынша Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыруға, аймақ тұрғындарына жоғары технологиялық емдеу-диагностикалық әдістерді пайдалана отырып, заманауи деңгейде мамандандырылған онкологиялық көмекті алуға мүмкіндік береді.

Бұдан әрі ҚР Денсаулық сақтау Вице – министрі Камалжан Надыров ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК және ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК болып, осы медициналық ұйымның құрылымы мен қызметімен танысты.

 

 

 

1

2

 

20191108_144928

20191108_160644

20191108_162855

онко

Accessibility