2020 жылы медициналық сақтандыру аясындағы талдаудың қымбат түрлері
Сіздің денсаулығыңыз, ішкі органдар жұмысының жай – күйі туралы объективті бағалауға зертханалық зерттеулер талдауларыңыз мүмкіндік береді. Бүгінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне шамамен 80 талдау түрі кіреді. Алайда, медициналық-генетикалық зерттеулер, полимеразды тізбекті реакция әдісімен талдаулар және басқалары сияқты қымбат тұратын талдаулар халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана көрсетіледі. Медициналық сақтандыру бұл проблеманы жояды, медициналық сақтандыруды енгізу арқылы, 2020 жылы БМСК маманының жолдамасы бойынша көрсеткіштер болған жағдайда, барлық сақтандырылған тұлғаларға талдаудың қымбат түрі көрсетілетін болады. Егер бұрын пациент өз қалтасынан төлеуге тура келсе, келесі жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналар есебінен қол жетімді болады. МӘМС пакетінде талдаулар тізіміне барлық қымбат зерттеулер кіретін болады.