2025 жылдың 18-19 шілдесінде Астана қаласында «POCUS & PAIN MANAGEMENT CONGRESS» конгресі өтті.

22.07.2025

Конгрессті ұйымдастырушылар «Аймақтық анестезия және интервенциялық ауырсынуды емдеу қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Ғ.Сулатанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері: Прошунин А.Н., Гавриков И.К., Родителев А.Л. Ғ.Сулатанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының қолдауымен конгресс ұйымдастырылды, модератор болып директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Таштемиров К.К. сөз сөйледі.
Конгресске қатысушыларға (Павлодар, Қарағанды, Алматы, Астана, Рудный, Мәскеу) шеберлік сыныптары бар бірегей бағдарлама ұсынылды. Көтерілген тақырыптар реанимация бөлімшелерінде ультрадыбысты қолдану, практикалық ультрадыбысты қолдану, реанимация бөлімшелерінде УДЗ, шұғыл ультрадыбыстық диагностика және аймақтық анестезия хаттамалары болды

Лицензия 00986DS

Доступность