«Өкпе фиброзын диагностикалау мен емдеудегі мультидисциплинарлық тәсіл»

28.05.2024

2024 жылғы 25 мамырда «Өкпе фиброзын диагностикалау мен емдеудегі мультидисциплинарлық тәсіл» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. «Өкпенің интерстициальды аурулары менеджментінің жаңа парадигмалары» тақырыбында м.ғ.д., ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының (ҚР ПІБ МОА) бас терапевті, «Астана қ. медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар кафедрасының профессоры Р.А.Бакенова баяндама жасады.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға Астана қ. ПІБ МОА радиолог дәрігері А.П.Дунь «Прогрессивті фиброзбен өкпенің интерстициальды аурулары (ӨИА). Өкпенің әртүрлі интерстициальды ауруларындағы үлгілерді талдау (кеуде мүшелерінің жоғары ажыратымдылықтағы компьютерлік томографиясы)» баяндамасын ұсынды. Медицина магистрі, ҚР ПІБ МОА пульмонолог дәрігері М.А.Есенгельдинова «Қазақстандағы ӨИА тіркелімі» тақырыбында сөз сөйледі.
2023 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанда ӨИА бойынша байқау тіркелімі енгізілді, біздің Павлодар облысы мен Астана қ. тіркелімнің толтырылуы бойынша басқа облыстармен салыстырғанда алға шықты.
Аталған семинардың модераторы Павлодар облысы ДСБ штаттан тыс пульмонологы, Павлодар облыстық ауруханасының пульмонолог дәрігері Г.К.Баширова болды. Бұл семинарға 64 адам қатысты – пульмонологтар, ревматологтар, радиологтар.

Лицензия 00986 DS

Accessibility