Қазақстандағы пациенттердің құқықтары мен міндеттері

08.10.2025

Қазақстандағы пациенттердің құқықтары мен міндеттері

📌 Әрбір Қазақстан Республикасының азаматының құқығы бар:
✔ кепілдендірілген көлем шеңберінде тегін медициналық көмек алуға;
✔ дәрілік заттармен қамтамасыз етілуге (белгілі бір санаттарға тегін немесе жеңілдікпен);
✔ дәрігерді және медициналық ұйымды таңдауға;
✔ сапалы және уақтылы көмек алуға;
✔ тәуелсіз сараптама мен медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттеріне шағым жасауға;
✔ диагноз, емдеу және дәрі-дәрмектер туралы толық ақпарат алуға;
✔ құрметке және лайықты қарым-қатынасқа ие болуға;
✔ отбасы, достар және рухани тәлімгерлердің қолдауына жүгінуге.
👶 Балалардың құқығы бар:
✔ тегін емделуге және бақылаудан өтуге;
✔ ауруханада ата-анасының жанында болуына;
✔ ауруханада бала емізетін ана үшін тегін тамақтануға;
✔ емдеу кезеңінде білім алуға.
🤰 Әйелдердің ана болуды қорғау құқығы бар:
✔ медициналық тексерулерден және бақылаудан өтуге;
✔ репродуктивті денсаулыққа әсер ететін ауруларды емдеуге;
✔ жүктілік пен босану бойынша демалыс алуға.
⚖ Пациенттердің міндеттері:
🔹 өз денсаулығына қамқорлық жасау;
🔹 медициналық қызметкерлерді құрметтеу;
🔹 аурухананың ішкі ережелерін сақтау;
🔹 дәрігерге шынайы ақпарат беру;
🔹 дәрігердің тағайындауларын орындау;
🔹 басқа пациенттердің құқықтарын бұзбау.
💡 Құқықтарыңды біл – денсаулығыңды сақта!
Лицензия 00986DS

Доступность