CACU-2024 урологтардың III Орталық Азия конгресі

16.10.2024

2024 жылғы 11-12 қазанда Алматы қаласында урология мамандары үшін консервативті және жедел урология, андрология, онкоурология, балалар урологиясы, несептік-тас ауруларын және репродуктивті бұзылуларды емдеудің барлық өзекті мәселелерін қамтитын ең жарқын оқиғалардың бірі — CACU-2024 урологтардың III Орталық Азия конгресі өткізілді. Сондай-ақ, конгрессте урологиялық практикадағы инновациялық тәсілдер, эндоурология мен нейроурологиядағы заманауи озық технологиялар егжей-тегжейлі қарастырылды. Аталған конгреске Павлодар облысының 5 уролог дәрігері қатысты. Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Н.М.Садыков, уролог дәрігерлер Ф.А. Абдикадиров, М.Г.Кан «Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы — аралас терапия немесе операция?» тақырыбына баяндама жасап, осындай науқастарды емдеу тәжірибесімен бөлісті. Отандық урологияны дамытуға қосқан зор үлесі үшін урология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Н.М.Садыков CACU президентінің, «Академик Б.У.Джарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының «Алғыс хатымен» белгіленіп, «Академик Б.У.Джарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ күміс төсбелгісімен марапатталды.
Лицензия 00986DS

Accessibility