«InfoMed Kazakhstan» Медициналық ақпараттық жүйесін енгізуі

16.11.2017

2017 жылғы 14-қарашада ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның мәжіліс залында  «InfoMed Kazakhstan» Медициналық ақпараттық жүйесін жақын арада енгізуіне қатысты дәрігерлермен бірге жалпы семинар өтті. Семинарда ақпараттық жүйені енгізіп, оқытып және іске қосу туралы мәселелер талқыланды.

 – бұл медициналық мекемелерін автоматтандырудың әмбебап жүйесі, емдеу-алдын алу мекемелері жұмысының аспектілерін автоматтандыруына мүмкіндік береді.

   ЕАМ жұмысын автоматтандырудың негізгі бағдарлары:

  • ЕАМ жұмысын технологиялық және ақпараттандыру арқылы қолдау;
  • Медициналық білім мен емдеу стандарттары базасын толтыру;
  • Бөлімшелердің, персонал мен мамандардың сұранысы және кірісін, жүктемесіне дамыған аналитикасын жүргізе отырып көрсетілген медициналық қызметтерге қаржы, статистикалық және басқарушылық есеп жүргізу;

«InfoMed Kazakhstan» Медициналық ақпараттық жүйесін енгізуі қандай нақты пайда бере алады?

-Емделушілер бойынша дербестендірілу емдеу есебі;

-медициналық көмектін сапасы мен жылдамдылығын толассыз емдеу процессі арқылы арттыру;

-емделушіні алғашқы және әрі қарай емдеудің  сабақтастығын қамтамасыз ету;

-науықастарды диагностикалау мен емдеу схемасын стандарттау;

-емдеушіні емдеудің тиімділігін бағалау мүмкіндігі;

-Бөлімшелердің жұмысы мен олардың ақпараттандырылу қарым-қатынасын реттеу;

-Төсек-орын қорының жүктеуін бақылау;

-Қаржылық ресурстарын қолданылуын олардың мақсатты бағытына қарағанда бақылау.

2017-11-14 15.04.19 2017-11-14 15.20.17

Accessibility