«Senat Open 2026» республикалық шахмат турнирі
18.06.2026
«Senat Open 2026» республикалық шахмат турнирінің 3-ші ашық кубогының жартылай финалы Қостанай қаласыңда өтті.
Турнир Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының отоларингологы Н.Х. Мейрханов турнирдің медицина қызметкерлері санатында жеңіске жетіп, 2026 жылдың 26 маусымында Астанада өтетін «Senat Open» шешуші республикалық финалына жолдама алды.
Нұржан Халелұлын жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табысқа жетуіне тілектеспіз!
Лицензия 00986DS




