«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің II республикалық съезі
27.02.2023
2023 жылғы 22 ақпанда Астана қаласында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің II республикалық съезі өтті. Аталған съезде Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Н.Халиулина ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республиқалық қоғамдық бірлестігінің Үздігі» төсбелгімен марапатталды.
Радмила Николаевнаны марапатпен құттықтаймыз және шын жүректен денсаулық, бұл марапат әрқашан одан әрі табысқа жету үшін жадынама болсын деп тілейміз.