«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалынан марапаттау
Жыл сайын Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде күн сайын жүздеген адамдардың өмірін құтқаратын, алғашқы медициналық көмек көрсететін, аурудың сипаты мен оны емдеу жолдарын айқындайтын медицина қызметкерлерін құрметтейді. Жыл сайын медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып, ризашылық білдіру белгісі ретінде мемлекеттік наградалармен, төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен марапатталады. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын облыстың медициналық ұйымдары арасында «Алтын скальпель», «Алтын фонендоскоп», «Стационардың үздік дәрігері», «Өмір сыйлайтын алтын қолдар» және т. б. номинациялар бойынша конкурстар ұйымдастырады.
Осы жылы Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының дәрігерлері екі номинация бойынша конкурстардың жеңімпаздары атанғаны жөнінде хабарлауға қуаныштымыз:
- «Стационардың үздік дәрігері» — офтальмологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Тлеубаев Касымхан Аблайханович;
- «Өмір сыйлайтын алтын қолдар» — перинаталды орталығының неонатолог дәрігері Забудская Евгения Николаевна.
Олардың әрқайсысы жүрек шақыруы бойынша өз тағдырын терең білімді, ерекше еңбекқорлықты, жоғары берілгендікті, ең бастысы – сезімталдықты, жауаптылықты және гуманизмді қажет ететін осы асыл кәсіппен байланыстырды.
Бүгін, 2022 жылдың 23 маусымында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы біздің әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі, белсенді және жемісті жұмысы үшін жеңімпаздарымызға ақшалай сертификаттар табыс етті.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Денсаулық, табыс, өмірде амандық және ұзақ, ұзақ кәсіби қызмет тілейміз!