ҚР ДСМ әйелдер денсаулығын нығайту бойынш кешенді іс- шараларды іске асыруды жалғастыруда
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы әйелдердің денсаулығын нығайту шараларын ұсынды.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі басымдық сүт безі мен жатыр мойны обырын қоса алғанда, ауруларды анықтау үшін профилактикалық іс-шаралар мен скринингтік тексерулер болып табылады, деп атап өтті ведомство басшысы.
Жалпы, инфекциялық емес аурулар Қазақстанда әйелдер өлімінің негізгі себебі болып қала береді, ал әйелдерде сырқаттанушылық бір жылда 4%-ға өсті. Диспансерлік есепке 3 миллионға жуық әйел алынды, ал стационарларда 2 миллионға жуық әйел емделді, 500 мың хирургиялық араласу жүргізілді. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды, бұл ер адамдарға қарағанда 7,7 жасқа жоғары.
Елде жыл сайын 400 мыңнан астам бала туады, олардың 99%-ы медициналық бақылауда туады, ал жүкті әйелдердің 90%-ы туа біткен кемістіктерді анықтау үшін жүктіліктің ерте кезеңдерінде скринингтен өтеді.
Медициналық көмек пен клиникалық хаттамалардың жақсаруына байланысты ана өлімі 100 мың тірі туғандарға шаққанда 2,6 есеге төмендеді.
Әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексеру тәсілдері қайта қаралды, бүйрек, асқазан-ішек және тыныс алу ағзаларының ауруларын анықтауға арналған скринингтер кеңейтілді. 18 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдарды скринингпен қамту жаңалық болып табылады, ЖПД-ға бармай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтердің 9 бағыты жүргізіледі.
Әйелдер мен жүкті әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін: халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 12 перинаталдық орталық салу жоспарлануда, жаңа норматив бойынша 500-ден астам адам тұратын елді мекендерде фельшерлік-акушерлік көмек ұйымдастырылады.
Отбасын жоспарлау кабинеттерінің, ЖДО жұмысын жақсарту және әйелдерді контрацепциямен қамту бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасуда.
Министрлік «Ана мен бала денсаулығын нығайту» тұжырымдамасын әзірлеуде, оның шеңберінде маңызды іс-шаралар қаралатын болады.