Брифинг -Облыстағы офтальмологиялық медициналық көмек
Бүгін, 2023 жылғы 13 қарашада Павлодар облысының Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында облыста офтальмологиялық қызметті дамытуға арналған брифинг өтті. Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмологиялық орталығының меңгерушісі К.А.Тлеубаев пен офтальмолог дәрігері А.А.Амантай БАҚ журналистеріне облыста офтальмологиялық медициналық көмектің қалай ұйымдастырылғаны, қазіргі кезеңде қандай тексерулер, диагностика, оперативті араласу және емдеу түрлері ауруханада жүргізіліп жатқандығы және көз ауруларының алдын алу не беретіні туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда көзді диагностикалау және лазерлік емдеу офтальмологияда өте белсенді дамып келеді. Павлодар облысында жыл сайын жасанды көзбұршақпен алмастыра отырып, катарактаны жою бойынша 2800 — 3000 операция жүзеге асырылады, оның ішінде негізінен жиналмалы (жұмсақ) ИОЛ имплантациялай отырып, катарактаны факоэмульсификациялау орындалады. Егер бұрын күрделі патологиясы бар пациенттерге елдің және жақын және алыс шетелдердің жетекші көз орталықтарына бару қажеттілігі туындаса, бүгінгі күні МӘМС және ТМККК шеңберінде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада жоғары мамандандырылған көмек ала алады.
Орталық дәрігерлерінің арсеналында Германия, Жапония және Австралия шығарған заманауи Carl Zeiss, Еllex Tango және LightMed 577 лазерлік қондырғысы бар, бұл жарақатсыз диагностикалық тексеру мен лазерлік емдеуді барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл құрылғылар көз ауруларын инвазивті емес лазерлік емдеуге арналған. Жақын арада рефракциялық хирургия және кератопластика үшін жабдықтар сатып алу, глаукоманы емдеуде «CYCLO G6» микроимпульсті лазерлік жүйесін пайдалану жөніндегі қондырғыны сатып алу, витреоретинальды хирургия мен окулопластиканы дамыту жоспарлануда. Жыл сайын офтальмологиялық орталық базасында Қазақстанның жетекші мамандары мен шетелдік әріптестердің қатысуымен конференциялар мен шеберлік сабақтар өткізіледі. Офтальмологиялық орталықтың ұжымы жыл сайын жақын және алыс шет елдерде оқиды және ТМД, Еуропа және Азия елдеріндегі халықаралық конференцияларға белсенді қатысады.
Лицензия 00986 DS