Ревматологиялық орталықтың ашылуы ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жақсартады
2024 жылғы 17 ақпанда Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының базасында ревматологиялық орталықтың (облыстағы жалғыз) салтанатты ашылуы өтті. Ревматологиялық аурулар негізінен жас адамдарда дамиды және тұрақты жұмыс қабілеттілігін жоғалтуға ықпал етеді. Осыған байланысты ревматологиялық пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту және Павлодар облысында ревматологиялық қызметті қайта ұйымдастыру қажеттілігі туралы мәселе көтеріледі. Ревматологиялық орталықтың ашылуымен ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жақсарады. Базистік препараттарды уақтылы тағайындауды қамтамасыз ете отырып, пациенттерді динамикалық бақылау ұйымдастырылады, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Орталықтың ашылуына ҚР ДСМ бас штаттан тыс ревматологы, «Қазақ ревматология алқасы» РҚБ президенті, профессор, м.ғ.д., Г.А.Тогизбаев, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс ревматологы З.Т.Қуанышбаева қатысты.
Орталықтың құрылымында — консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған ревматолог кабинеті, гендік-инженерлік биологиялық терапия кабинеті (ГИБТ), буынішілік манипуляциялар кабинеті, сондай-ақ тәулік бойғы стационардың 30 төсек-орны және күндізгі стационардың 10 төсек-орны бар. Сонымен қатар, ревматологиялық орталықтың құрамына гендік-инженерлік биологиялық терапия үшін ревматикалық аурулары бар науқастарды таңдауға арналған көпсалалы топ кіреді және бұл гендік-биологиялық кабинеттің бөлігі болып табылады.
Сол күні Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасының мәжіліс залында Павлодар қаласы мен Павлодар облысының ревматолог дәрігерлерінің, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, терапевтер мен резиденттердің қатысуымен «Ревматологтың өзекті мәселелері. Ревматолог дәрігерінің тәжірибесіндегі пәнаралық мәселелер. Ревматикалық аурулардағы стандартты базистік қабынуға қарсы терапияның тиімділігі» тақырыбына «Ревматолог мектебі» ұйымдастырылып өткізілді. Бұл тақырыпқа жалпы практика дәрігерлері үлкен қызығушылық танытты, өйткені олардың практикалық қызметінде олар көбінесе ревматоидты артрит және псориазды артропатия проблемаларына тап болады.
Ревматологтар мектебін өткізу ревматология саласындағы білім беру мен ақпараттық қолдаудың оң динамикасы мен маңыздылығын көрсетеді. Өңірлерде медициналық білім беру базасын дамыту және нығайту, соның ішінде осындай іс-шараларды өткізу ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жақсарту үшін маңызды қадам болып табылады.
Лицензия 00986 DS